Жетім шам. Жесір көбелек – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Жетім шам. Жесір көбелек» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жетім шам. Жесір көбелек.
Мәнісі қандай жарықтың?
Бір-бірін жіпсіз өрелеп...
Көлкіген елес - табыт - нұр.

Бөлменің іші күңгірт тым,
Күңгірт тым көңіл-күйім де.
Қарайды маған мүлгіп кім,
Шыңырау ойдың түбінде?

Қоңырау үнін естідім,
Естідім, әлде азан ба?
Өзгеше еді кешқұрым,
Өзгеше еді саз онда.

Бұтарлап бұлтты Ай туған,
Қайтадан жүзін жасырды.
Оқиды, қарғам, қай туған,
Қанатыңдағы хатыңды?

Жетім шам неге бөлемек?
Дауасы болса айт емін.
Қаңғыған бейбақ көбелек,
Қанатың күйсе, қайтемін?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жетім шам. Жесір көбелек өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Жетім шам. Жесір көбелек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жетім шам. Жесір көбелек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жетім шам. Жесір көбелек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері