Ана – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Ана» атты Мақпал Жұмабай жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ақылмын. Армын. Жүрекпін. Оймын.
Осының бәрін сезіну ғой - мұң.
Дауылдатса да, құйындатса да,
Мен Жерге мүлдем ренжуді қойдым.
Өйткені, онда сен барсың, Ана!
Қатігездіктен қаймыққан өрлік,
Балбал тастардан ойды ұққам сендік.
О, сені жылап тұрып та сүйем
Соры көп біздің бойлық пен ендік.
Өйткені, онда сен барсың, Ана!
Айдыным. Тауым. Орманым. Тасым.
Бәрі де –асыл, бәрі де – асыл.
Орнайды түбі бұл мекенге бақ
Солардың жасы құрғатылғасын.
Өйткені, онда сен барсың, Ана!
Қаптаса-дағы жер бетін қауіп,
Кетсе де барлық адамдық ауып.
Сонда да мына ғасырды тастап
Ешқайда менің кетпесім анық
Өйткені, мұнда сен барсың, Ана!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері