Жанымның жартысы Меркурий сияқты – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Жанымның жартысы Меркурий сияқты» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

“Меркурий — жаны жақсылыққа жаралғандар жұлдызы” Данте. “Құдiреттi комедия”

1
Табыла кетсін бақытқа тұрақ,
Адамға жалғыз керегі – шырақ.
Жер, мен саған ағып түстім,
Меркурийден, бәлкім, құлап.
Табанымды тілді қияқ,
Тірі жүргенім – мият.
Жалған сөйлей алмаймын
Меркурийдегілерден ұят.
Төбеме жұлдыз ілдім,
Түндігін жырдың түрдім.
О, жақсылық іздеген Данте,
Мен де жақсылық іздеп жүрмін

2
...Даланы кездем.
Ләйлідім.
Ойлап жатыр
жұлдыздар жәйлі кім?
Түсінуге тырыстым.
Кешір бізді
Меркурийден
Жерге қараған
ләйлі мұң.
Тып-тыныш.
Ғарыштан ғажап күй ақты,
Жұлдыздар жымиып тұрып
жылайтын сияқты.
Аспанға қарайлай бердім,
Жанымның жартысы
Меркурий сияқты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанымның жартысы Меркурий сияқты өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Жанымның жартысы Меркурий сияқты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанымның жартысы Меркурий сияқты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанымның жартысы Меркурий сияқты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері