Өзгешелік – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Өзгешелік» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Аймен тілдесу)

Көре-көре дүниенің қайғысын,
Амалсыздан ойға батқан Аймысың?
Арамдық пен жалғандықтар жайында
Жақ ашпайтын байғұсым.
Жазылады, жазылады жылнама,
Жоғалмайтын жыр ғана.
Сенің мұңды шақтарыңа куәгер
Қалғымайтын қыр ғана.
Ұнады ма, өзімшілдеу мұнар күн?
Менен басқа сенен оны сұрар кім.
Тәкаппарлық, паңдық, өрлік дегенді
Бәлкім, сенен үйренетін шығармын.
Өтіріктер әлемі де — басқа ұғым,
Ғұмыры мен тіршілігі — қас-қағым.
Мен олармен күресуді, жарық ай,
Дәл бүгіннен бастадым.
Еркелік жүр өкпелейтін ағаға.
Жабығуды қалдырамын жағада.
Кердеңдікке, кердеңдікке жердегі
Ішек-сілем қата күлгем бағана.
Қарсы алдымнан ашылардай кең құшақ,
Келер күнге асығу да — Ем сен құсап.
Еркемін-ау, бірақ сендей аспанда
Тұра алам ба мең құсап?!
Мен — жақсымын. Кейбіреуге жаманмын.
Қас-қабағын ұққым кеп жүр заманның.
Аппақ, аппақ жүрегім бар ай сынды,
Өзгешелік: Ай емеспін, Адаммын.
Ай емеспін, Адаммын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзгешелік өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Өзгешелік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзгешелік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзгешелік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері