Мен саған асығамын, көктем! – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Мен саған асығамын, көктем!» атты Мақпал Жұмабай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Әр күнім — бақыт, әр күнім — бақыт,
Тойымдай,
Армандарыма асыққан менің ойымды-ай.
Сен жаққа неге елеңдей бердім, еркелік,
Бір жырым бардай нүктесі қалған қойылмай,
Мен саған асығамын, көктем!
Һолтаңбам қалған қағаздарыма көмілдім,
Мен елес емес, мен елес емес, өмірмін.
Керек еместе кердеңдіктерге толы әлем,
Жауыздықтардан келмеген кезде жеңілгім
Мен саған асығамын, көктем!
...Терезелерде, терезелерде өмір бар.
Періштелерім, алақандарға қоныңдар,
Һұмсағаттардың соңғы сырылы шығар бұл
Сондықтан, адам, сондықтан тату болыңдар.
Мен саған асығамын, көктем!
Бастағы бақтың бағасы қайда деместей...
(Оятқан мені қараторғайлар емес пе, ей?)
Сендегі ырың-жырыңның бәрі, ей, әлем!
Адамға керек еместей.
Мен саған асығамын, көктем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен саған асығамын, көктем! өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Мен саған асығамын, көктем! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен саған асығамын, көктем! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мен саған асығамын, көктем! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері