Найзағайдың басып күр-күр демін – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Найзағайдың басып күр-күр демін» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Найзағайдың басып күр-күр демін,
Құйшы-құйшы менің нөсерлерім!
Сол күні мен жалаңаяқ шылп-шылп
Кешейін бір суын көшелердің...
Жапырақпен жаным егіз Үндемедім.
Бақбақтың да үпілдіріктерін үрлемедім.
Анашым-ей, тауға апаршы мені
Көргім кеп жүр арша бүрлегенін.
Қарлы таудың мұңдарындай сол бір,
Қабағымның астында да ой жүр.
Жүрегімнің кірпіктерін сілкіп,
Жіберейін
Сен де сілкін, ей, жыр!
Найзағайдың басып күр-күр демін,
Құйшы-құйшы менің нөсерлерім!
Сол күні мен жалаңаяқ шылп-шылп
Кешейін бір суын көшелердің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Найзағайдың басып күр-күр демін өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Найзағайдың басып күр-күр демін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Найзағайдың басып күр-күр демін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Найзағайдың басып күр-күр демін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар