Жүрегім - жанымның еркесі – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Жүрегім - жанымның еркесі» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қайтадан батты сүйретіп барлық мұңды Күн,
Ұғынып жатыр кімді-кім?
Бурыл бұлтты да біреу-міреуге ұқсатып,
Ойнаған қызбын. Бірақ та неге мұңдымын?
Іздеумен кеткен жылылау жердің жәннатын,
Мүмкін, мұң анау күздегі құстың қанаты.
Мүмкін, мұң анау тесіле жерге қараудан
Шаршаған жұлдыз таңертең көлге таматын.
Куәгер, мейлі, күндіз-түндегі күйге де,
Мұң деген мүмкін мөлдіреп тұрған терезе.
Бақ беріп бірде... бірде бақытын ап кеткен
Мұң деген мүмкін еркіңнен тыс ереже!
Көздің де жасын төгілте алар сел ете,
Мұң деген, мүмкін, келеке.
Мұң деген, әлде, сана ма,
Оянып кеткен сезімнің бәрін сең ете?
...Дәл өзі. Мұң ол ананың шашындағы қыраулар,
Оның әрбір талында да сұрау бар.
Мұңдар да ағыл-тегіл боп,
Кей кезде егілетін жылаулар.
...Есейген ерте Есі
Жүрегім – жанымның еркесі.
Мендегі мұң
Мендегі Баян жүректің
Қозы Көрпеші!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегім - жанымның еркесі өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Жүрегім - жанымның еркесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегім - жанымның еркесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегім - жанымның еркесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері