Тамшылар ойнап таңменен – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Тамшылар ойнап таңменен» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тамшылар ойнап таңменен
Асфальттің бетін тұр сүйіп.
Бәрібір, зәулім әрлі емен,
Мендегі арман тым биік.
Гүрілдеп ұшақ аспанда...
Зырқылдап кетті маңдайым.
Жоспарлап жатам ақшамда
Ақ таңдарымның жағдайын.
Қайнаған қала-орманның
Сүйкімдісін-ай, кештің де,
Жүрегім менің, арманның
Томағаларын шештің бе?
Көгалдарменен, гүлзармен,
Көбелек қонды мүйіске,
Жарқылдақ қала, сендермен
Жаным қалғуы тиіс пе?
Дүлейлеу дауылдардан соң,
Бағынбан ережелерге.
Сәулемін жауындардан соң
Қарайтын терезелерге!
Жұлдызды төсеп жолыңа...
Даланың әні күмбірлеп,
Көгершін-арман, қолыма
Қондырып алам бір-бірлеп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамшылар ойнап таңменен өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Тамшылар ойнап таңменен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамшылар ойнап таңменен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамшылар ойнап таңменен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері