Жазылмай қалған өлеңдер – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Жазылмай қалған өлеңдер» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақ таулар мені емдейді,
Білемін олар - кемеңгер.
Бірақ та тыным бермейді
Жазылмай қалған өлеңдер!
Жанарымда бір төзім жүр,
Жігерің аздау демеңдер.
О, мені бүгін мүжіп жүр
Жазылмай қалған өлеңдер.
Жапырақтың да бар мұңы,
Көңілім неге елеңдер.
Өткен күндердің барлығы -
Жазылмай қалған өлеңдер!
Мұңайдым таңның алдында,
Шуылдап жатыр емендер.
Мен кінәлімән алдыңда,
Жазылмай қалған өлеңдер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазылмай қалған өлеңдер өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Жазылмай қалған өлеңдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазылмай қалған өлеңдер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазылмай қалған өлеңдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері