Бұл бетте «Ессіздік» атты Нарқұлан Райханұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кенже жаңбыр,
Қараңғылық қойнын тілгілеп,
сеуіп тұр шаң басқан жолдарға.
Теңге тағдыр,
Жолдардың сорабын сүргілеп,
Адамдар адаспай жетуін тілейді таңдарға.
Көгілдір түннің,
Әзіл шашырап тілінен
Өзекке түседі өксік.
Алқызыл күннің,
Шуақ шашады бүрінен
Молда торғайдың дауысын естіп.
Сол сәтте...
Бұралып белі,
Оянып ұйқыдан ару
Тарқатып өреді бұрымын.
Тұралық деді,
Сүйікті жары
Бір тамшы мейірімге зәру.
Адасып кеткен,
Бақыттың іздейді сұрығын.
Ол үшін,
Керек ғой сол жаққа бару.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі