Сен кеткелі өлең жаза алмадым – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Сен кеткелі өлең жаза алмадым» атты Динара Мәлікова жазған поэзия туралы өлең берілген.

Сен кеткелі өлең жаза алмадым,
Өзіңсіз-ақ,өзге жолды таңдадым.
Сезіп жүрсің, біліп жүрсің, апыр-ай,
шексіз сүйер жан барын!

Сен кеткен күн, пенде болып жыладым,
періште-үміт сөндірген соң шырағын.
Өмір жатты құшағымда бұлқынып.
Қаша алмадым құладым!

Сен кеткен соң тағдырымды тастадым,
Төсегінде түн өткізіп басқаның.
Қара жерге қайғым сіңді қаншама,
Арманымды арқалады аспаным.

Сен кеткенде өкiнбедiм өткенге,
Бола алмадым, кiнәсi көп кек-кеуде.
Болады екен сағынсаң да іздемеу,
Болады екен көз жасыңды төкпеуге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен кеткелі өлең жаза алмадым өлеңінің авторы кім?

Динара Мәлікова — осы өлеңнің авторы.

Сен кеткелі өлең жаза алмадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен кеткелі өлең жаза алмадым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сен кеткелі өлең жаза алмадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері