Терезенің ар жағында тағдырым – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Терезенің ар жағында тағдырым» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Терезенің ар жағында тағдырым,
терезенің бер жағында бар мұңым.
Еркелігім қалып қойды ерніңде,
бесігімде қалып қойды бал күнім.

Тыныштықтан тынысыңды естідім,
Көңілімнің күрмеу жібін шеш, күнім!
Қандай жақсы, ұйықтай алам сенсіз-ақ,
жалғыз төсек жайылғанда кешқұрым.

Күндерімде тіршіліктің күйбеңі.
жүрегімде жырлар ғана сөйледі.
Өн бойыма өмір әкеп сыйлаған,
Сүйер болсаң көктем құсап сүй мені!

Сәуір болып таңдарыма тұрақта,
Жауын болып, жаным мені жылатпа.
көз алдымда сөніп жатыр сағаттар,
Дәл осылай сағындырып сынатпа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Терезенің ар жағында тағдырым өлеңінің авторы кім?

Динара Мәлікова — осы өлеңнің авторы.

Терезенің ар жағында тағдырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Терезенің ар жағында тағдырым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Динара Мәлікова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Терезенің ар жағында тағдырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері