Бүгін де таң атты – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Бүгін де таң атты» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бүгін де таң атты,
Бүгін де жүрегім соғып тұр.
Күн шығып тіршілік таратты,
Көктем кеп, көгіме қонып тұр.

Бүгін де сағыну,
Хат күтем, жәшікті тексеріп,
Күндерде болса ғой жаңылу,
..бірдеңе дей салшы ескеріп.

Түндегі мұңдарым,
Оянып тіктейді еңсесін,
Сені әлі сүйеді бұл-жаным,
келем деп, сендіріп кеткесін.

Тағы да өзіммін,
Мен сені үндемей сағындым,
Аймалап тұратын көзіңнің,
Дәл мендей, жарқылын таныр кім?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері