Желтоқсан оқиғасының құрбаны Ләззат Асановаға – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Желтоқсан оқиғасының құрбаны Ләззат Асановаға» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Көзімнің жасын бұлармын.
Өлгеннен кейін аһ ұрып,
Жоқтағандарға сыңармын.
Өрімдей едің жоқ болдық,
Еліңе туған жат болдың.
Дәл осы менің жасымда,
Ақ өлімге тап болдың.
Желтоқсан сені жылатты,
Желтоқсан желі жұбатты.
Атыңды жазып аспанға,
Жаныңды жерге құлатты.
Қазақтың қызы жігерлім,
Гүл жасап жырдан жібердім.
Азаттық таңын арқалап,
Жаныңа бір күн түнермін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері