Сүюге iңкәр кезiм бе? – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Сүюге iңкәр кезiм бе?» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сүюге iңкәр кезiм бе?
Жүрегiм тұрды көзiңде.
Даусыңа қалдым байланып,
Айналып кетiп сезiмге.
Сағыныш па екен сыңарым?
Жете алмай тұрдым бір-адым.
Алыстап кеттім абайсыз,
Қай жерде жүрсің, құмарым?
Қай жерде жүрсің, алтыным,
Таусылар күннiң арты-мұң.
Сен жақтан көктем еседi,
Сездiрмей күздiң салқынын.
Гүлдетіп жүрмін күз-жанын,
Желдің де сүйiп ызғарын.
Мезгiлге төктiм мейiрiм,
Бiлген соң онда біз барын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері