Өзіңді іздейтін күні-түн – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Өзіңді іздейтін күні-түн» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзіңді іздейтін күні-түн,
Жүректің сөйлеттім лүпілін.
Қай жерде отырсың жарқылдап,
Қай жерге гүлдендің үмітім?
Қай үйдің шырағы екенсің,
Пейіліңді періште көтерсін.
Бағыма қонақтап қала алмай,
Жаныма жарасып жетерсің.
Соңыма сан мұңды ертемін,
Тағдырдың сүйретіп тәлкегін.
Ақ бұлттан жасап ап ақ өмір,
Күндердің сүремін көркемін.
Сен құшқан кештерге қайранмын,
Сәт сайын сенделіп ойға алдым.
Жолыңда тұруға дәрмен жоқ,
Ақ ұлпа арманға айналдым.
Сезімге күдікті қоспадым,
Тербемей ешқашан басқа-мұң.
Тек менің жанымдай көгілдір,
Төбеңнен тыңдасын аспаным!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері