Қалай сенің жағдайың, қайрат, күшің? – Манарбек Қарекенов

Бұл бетте «Қалай сенің жағдайың, қайрат, күшің?» атты Манарбек Қарекенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қалай сенің жағдайың, қайрат, күшің,
Дегенмен де таусылмас қайсарлысың.
Арқаңда зіл тұрса да, батпан парыз,
Шаршатты деп мына өмір айтармысың?!

Нәзік қандай саусағың, қара шашың,
Жігіттерден босаңдау, аласасың.
Бірақ, сенің күшіңді байқау қиын,
Тірлік үшін бәрімен таласасың.

Таңмен қатар оянып, таранасың,
Нәзік жанды пенде боп жаралған соң.
Содан кейін, бәйге өмір, қу тірлікке,
Жігеріңді жалынды таратасың !


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері