Жыл жұлдызы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жыл жұлдызы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2188
Алыс жолдан келіп қалса достымыз,
Жаңа жылда көтереміз тосты біз.
Егіз болмай биыл енді жүз болсын,
Өткен жылғы көтерілген қос жұлдыз.
Айға барып дастарқанды жаялық,
Жұлдыз атқан шараптарды қоялық.
Шақыралық күнді күміс табаққа.
Келер өзі ұйқысынан оянып.
Мүмкін өзі қоя жатар айға сын,
Күн шіркіннің көңілі де қалмасын.
Соның үшін ұшыралық аспанға,
Алтын Күннің айнымайтын жолдасын
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері