«Шірік» алма – Әнуарбек Дүйсенбиев

Бұл бетте ««Шірік» алма» атты Әнуарбек Дүйсенбиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жеп тұр Әсет алманы,
Інісін еске алмады.
- Маған да аздап бер, - дейді,
Әсет оған бермейді.
- Кәкәй, жеуге болмайды,
Айта көрме ондайды!
«Шірік» алма, - деп қойды,
Сөйтті де өзі жеп қойды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері