Бұлақ қайда барасың? – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Бұлақ қайда барасың?» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

– Күндіз-түні ағасың,
Бұлақ қайда барасың?

– Асығамын шөлдерге,
Құям барып көлдерге!
Көлдің суы молығар,
Үлкен - кіші шомылар.
Жағама сен келгенсің,
Гүлдерімді тергенсің.
Ішсең, мейір қандырғам.
Ұмыттың ба балдырған?!

– Ұмытпаймын бұлағым,
Білейін деп сұрадым.

– Тағы бар ма сұрағың?

– Рахмет, бұлағым!
Айналаңды тазартып,
Көзіңді ашып тұрамын!
Дос екенсің адамға,
Күліп - ойна даламда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері