Өлең, жыр, ақындар

Дәужан үйленгенде

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1542
Ынтыққан жоқ тоқырай,
Ғашық болып көрген жоқ,
Ақындарша оп-оңай
Өртенген жоқ, өлген жоқ.
− Неғыламын құмартып,
Есебі бір өтелер.
Жетерлік қой менсіз де
Ешкі қуған текелер.
Дейтін Дәужан именбей
Әзілкештер шалғанда.
Қиналмайтын үйленбей
Қырыққа келіп қалғанға...
Балықшының жесірі
Жалғыз қалған былтырғы,
Жылады да жыл бойы,
Биыл қайта құлпырды.
− Дәужан! - депті бір күні
Оңашада сол жесір, -
− Қаламыз ба өмірлік
Сен бойдақ боп, мен жесір?
− Қайдам... - депті Дәужаның,
− Ойлан - депті сол жесір.
Жараспас - ты қалғаным
Сен тұрғанда мен жесір...
Екі жарты бір бүтін
Бола қалды қосқанда,
Екеуге ортақ бір түтін
Ұша қалды аспанға.
Қарап Дәужан сыртынан
Күркесіне өзінің,
Көріп ұшқан түтінін,
Сүртер жасын көзінің.
− Өз ошағым, өз үйім,
Өзім еккен дақылым,
Өз сиырым, өз күбім,
Өзіме сай қатыным...
Сақта, құдай, сақтай көр,
Көз бенен тіл өтпегей,
Көргеніме кеп шүкір,
Асылық боп кетпегей.

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Поезда

  • 0
  • 0

Тамаша, жүрдек поезд күші қандай
Мені де болашаққа ұшырғандай.
Қалдырып қарлы тау мен туннельдерді
Әндеткен дөңгелектер зыр жүгірді.

Толық

Кемеде

  • 0
  • 1

Бір кемеде бір қазақ
Алыс сапар алдында.
Шыға қапты жолға ұзақ
Жатпай тыныш аулында.

Толық

Нан

  • 0
  • 1

Нан!
Нансыз жасар қандай жан?!
Тұрмын қарап көз алмай
Толқынданған бидайдан.

Толық

Қарап көріңіз