Тек ананың мәңгілік сезімі бар ...
Достың да сатып кетер кезі болар,
Махаббат да бір күні мезі қылар.
Ақша да күні келсе құнын жояр
Тек Ананың мәңгілік сезімі бар.
Қардың да аппақ бетін кір басады
Дұшпаныңда досың боп сырласады.
Баласы байқаусызда құлап қалса,
Ананың жүзін ғана мұң басады.
Жаңбыр да жерге түссе сайланады,
Керексіз бір көлшікке айналады.
Бұлт басса күн көзінен нұр таяды
Ана ғана жылытар айналады.
Күз келсе ағаштанда сән кетеді,
Қара жер жарып тұрып әндетеді.
Тек қана бір бақшада көктем мәңгі,
Ол-саған өмір берген жан кешегі...
Қуаныш та қайғымен алмасады
Жақсыға да жамандық жарасады.
Перзентінің табаны шоққа тисе
АНА ғана қасқайып қар басады.
Анаң берген жылулығын ұмытпа,
Ондай бақыт жетімде жоқ, арман да
Ақ сүтінің ақысы өтелмейді-ау,
Апарсаңда мың мәрте қажылыққа...
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі