Өлең, жыр, ақындар

Сағындым!

Сезімсізбін...
Жәрәйді, жәйім сұрама!
Жібімей жүрген өршілдеу көңлің ұға ма?
Өзіңді аңсап, сабылып, шаршап жүргендей,
Мені де біреу, сағынып жүрген шығар, ә!?

Ойлардан арыл өзгелер бұған күлер дер,
Көрініп бір рет..
Тым болмағанда тіреу бер.
Тек сырттай сүйіп, жақсыға санап мені де-
Бағына балап жүргенде болар біреулер!

Тумасыншы деп жабырқау сәттер бұл күндей,
Бақыттың жолын іздеумен келем..
...Іркілмей!
Санасын сансыз қиялдан тиып, сірә да
Мені де біреу, ойлайтын шығар..
Бір күлмей.!

Келмейді хат та,
Болса да жансыз- күлімдеп..
Махаббатқа шын балаған сезім- бүлінбек.!
Ессіздеу кейіп танытып, түнде көз ілмей,
Аңсайтын шығар бөгде жан мені- "гүлім" деп.!

Жымиып жәймен, естеліктерді қолданып,
Күлгенмен жанар- "сыр" жатыр, қара.
Толған. Ұқ!
Ойменен шарлап отырғанымдай жер бетін,
Іздейтін шығар, мені де біреу- жол бағып.!

Күн шықса- "түн" деп,
айымнан жалғыз жаңылдым.!
Көз моншағымды алқа қылдым да, тағындым.!
Қатқылдау мынау, торлаған мұңды сейілтер-
Бағым кім?
-Білмеймін.
Бірақ, сыйлар ма бақ деп жолына,
қараумен өткен талай сәттерде- сағындым..!

Гүлдана БЕКБОЛАТ



Пікірлер (4)

Модератор

Сайысқа қосу үшін ілмектердің ішінде bilim2019 деген ілмек міндетті түрде болу керек (сайысқа қатысқанын осы ілмек арқылы білеміз),

deebge1023

Енді ше, дұрыс па? 

Модератор

Дұрыс.

Дуйсен

Мен гашыкпын

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз