Кез боп тірлік сойына
Бұл бетте «Кез боп тірлік сойына» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кез боп тірлік сойына,
Ерте кеттің, қарағым.
Сенің жұмбақ жайыңа
Мен де бір күн барамын.
Құбылаға бас беріп,
Бір қырыңнан жатып күт.
Пәкенелі пәстеніп,
Көр ләззатын татып күт...
Тас-желіде, құлыным,
Таусылдың ба күтініп?!
Әкең де алар тынымын,
Шаруасын бітіріп!
Жер астында нұр бардай,
Сенемісің осыған?!
Ырғалмай да жырғалмай,
Ақырыма асығам!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі