Шырша – Есентай Ерботин

Бұл бетте «Шырша» атты Есентай Ерботин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жасыл шырша төрдегі
Дейді: «Бәрің көр мені!» —
Кеткен әсем құлпырып,
Ойыншықтар тұр тұнып.
Түрлі түсті шамдары
Түнде ғажап жанғаны.
Көргендерді елітеді –
Керемет бір ертегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері