Келген соң көктем – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Келген соң көктем» атты Роза Сейілхан жазған табиғат туралы өлең берілген.

Келген соң көктем
Мұз-қарды ерітпей ме екен,
Қаһарлы қысқа
Ол әлде еліктей ме екен,
Астаң да кестең,
Бір ғажап сезімге бөлеп,
Жүрегі нәзік жандарды
Елітпей ме екен.
Қырмызы гүлді қырдағы
Термегем бе екем,
Көктемді күткен кісілер
Кемде кем бе екен?
Ызғары қарған аяздың
Жазығы бар ма,
Суыққа тоңған жүрегім,
Емделер ме екен.
Аңсаған көңіл,
Аптығың басылар ма екен,
Кешіккен бақыт,
Мен жаққа асығар ма екен.
Табиғат ана жылады
Күн шығып еді,
Менің де онда
Көзімнің жасы бар ма екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері