Қоңыр – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Қоңыр» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жүректі тербеп қоңыр ән,
Қоңырқай мұңмен жолығам.
Қоңыр күз, қоңыр жапырақ,
Түсімді саған жорығам.
Меселі қайтып мелшиген,
Бар болсаң бақыт, келші үйге.
Қоңырқай көзі мөлдірер,
Сол жігіт қайда мен сүйген.
Соны айтшы, маған қоңыр күз,
Тақпаспын кінә орынсыз.
Изейді басын күзгі бақ,
Соқпаса самал, ол үнсіз.
Өзіңнен хабар жоқ бүгін,
Жаныма батты жоқтығың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері