Қар жауып тұр, әппақ қар мақта сынды – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Қар жауып тұр, әппақ қар мақта сынды» атты Роза Сейілхан жазған табиғат туралы өлең берілген.

Қар жауып тұр, әппақ қар мақта сынды,
Адам ойын бiлмейтiн тап басуды.
Балағымнан су кештім қар аралас,
Жаурағанда бiлмейтiн жақтасуды.
Кешiп келем бар денем күйіп, жанып,
Тепкiлейдi шекемдi миым қарып.
«Ақын жанын ұғуға тырыспайтын
Адам деген не деген қиын халық», –
деп сөгем кеп алдымнан қарайғанды,
Жұта-жұта шаршады санам қайғы.
Көзге күлiп тұрғанмен былай шыға,
Дұшпан түгiл, досың да жамандайды.
Қар жауып тұр, өбедi беттен келiп,
Қарып жатыр аязы неткен желiк.
Жылы жаққа ұшатын қанатым жоқ,
Қуантса екен тезiрек көктем келiп.
Көктем келiп қуантса, көктем келiп,
Қиялыма сүңгiдiм өткенге ерiп.
Қысқа өкпелеп тоңғанда бара жатам,
Жылы күннiң шуағын кеткен көмiп,
Пештi армандап отырар шоғын үрлеп,
Ғажап екен ананың тоны бiр деп.
Мысығының, итiнiң панасы бар,
Алаяқтар ауласын торыдым кеп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері