Сеземiн ғарышта да бар – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Сеземiн ғарышта да бар» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сеземiн ғарышта да бар,
Өкпелi бiр қыз,
Өйткенi жабырқау тартады
Көктегi жұлдыз.
Адамдық пенен адалдық
Құлынға құл боп,
Жақсылық дегеннiң бәрiнен
Шеткерi жүрмiз.
Сағынып болдым.
Сарыла күтiп санамдағыны.
Моншақ қып шаштым,
Мөлдiреген сол жанардағыны.
Түсiнбеген соң
өзге түгiлi өзiмдi де мен,
Шығар жол таппай кеудемде,
қамалды-ау мұңы.
Құдайға мәлiм,
Адалдық iздеп аласұрғаным,
Аямасын деп қиналып кетсем
Жанашырларым.
Өлердей сенiп ем,
Ешкiмдi бөлiп жара алмай.
Байқағаныммен
Өзiме деген жан ашу барын.
Құдайдай сенiппiн.
Жазғыра да алмай,
Жасып кеткенмiн, өмiрге налып,
Аққудай арман,
Қалықтап ұшып, көңілде қалып.
Сосын отырдым,
Самал жел самайдан өпкенде,
Шыдамай кетiп
Шықтарым көзiмнен ағып.
Сол сәтте бiрақ,
Әлемтапырық күйге енiп кеткен,
Астаңда-кестең
Жанымның езiлгенi анық.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері