Ей, Алматы – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Ей, Алматы» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ей, Алматы,
Жанымның жарасын ұқ.
Өзіме-өзім сыймадым
аласұрып.
Адалдықты ту етсем айып па екен,
Жағымпаздың жатқанда
бағы ашылып.
Асқақтайсың қол созып
көкке қарай,
Шұғыласын өзіңе
төккен арай.
Мен отырмын,
тәп-тәтті сол сезімді,
Баяғдый басымнан
Өткере алмай.
Е-е, Алматы,
Өтпеді бастан нелер,
Ақиқатпен сырыңды
ашқан да өнер.
Сенің сұлу кейпіңді
бізден бұрын,
бақыты ғой, бақытты,
Аспан көрер.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері