Қозы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қозы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5932
Қырдан ойға шұбырып,
Құлады қой маңырап.
Қарсы шықты жүгіріп,
Жас қозылар жамырап.
Тұманданды сұр дала,
Тұяқтардан шаң ұшып.
Қозылармен бір бала
Кете барды жарысып.
Тілінсе де табаны,
Тікенек пен шеңгеден.
Ақ тиындай ағады,
Орғып ордан көлденең.
Көруге тым қашықтан,
Дағдыланған көзі ұдай.
Енесіне асыққан
Ол-дағы бір қозыдай.
Қалыспайтын дүбірден
Албырт бала кезінде.
Болар солай жүгірген
Шопан ата өзі де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қозы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қозы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қозы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қозы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері