Есіңе де алма – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Есіңе де алма» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Есіңе де алма,
Ессіздеу жанның қылығын.
Есіркемейді,
Жыр-ұғым.
Есі бар қыздың
Сағынып жүрсең бұрымын,
Иықтан шашым,
Құрыдым.
Жүрегім тоқтап,
Мен өліп,
Ғұмырын жалғар
Тұнығым.
Сағыныш жайын қозғамай,
Көзімнің алдым шырымын.
Шашылған жинап түсімде,
Сезімдерімнің сынығын.
Ай жарық екен,
Тұңғиық түпсізден
Күлді жұлдыздар,
Мен кейпін кигем шарасыз,
Тосырқап қалған ұрының.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері