Пендемін ғой, иә, рас пендемін – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Пендемін ғой, иә, рас пендемін» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Пендемін ғой, иә, рас пендемін,
Жаманды да, жақсыны да көргемін.
Тұнық бұлақ сылдыраған тұнығым,
Сенің кәусар суыңды аңсап, шөлдедім.
Көлеңкелі күніме де көнгемін,
Тереземе салды тағдыр өрнегін.
Жалғыз өзім жабырқаған жанымды,
Жадыраған жастығыммен емдедім.
Шаттықпенен жуылды ғой жөргегім,
Неге тағдыр, көңіліңді бөлмедің,
Әлегі көп әлемде жүр демесең,
Мен әйтпесе, әлдеқашан өлгенмін.
Пендемін ғой, сенгем талай сенгенмін,
Қош айтысып азабымды көмгенмін.
Жанарыма жарық күнді сыйдырып,
Мен өмірді сүю үшін келгенмін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері