Өзі шешер, бұл тағдыр өзі біліп – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Өзі шешер, бұл тағдыр өзі біліп» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзі шешер, бұл тағдыр өзі біліп,
Тірілерге керегі – төзім, үміт.
Санадағы саңылау ой – мекені,
Қалғып кетсе, кеш Тәңір, көзін іліп.
Өтеді өмір бәрін де кешіреді,
Бақыт сәттік келеді, кешігеді.
Өмір – өлең кіршіксіз тұла бойы,
Ақын оны айнытпай көшіреді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері