Айтқым келеді ауылдың – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Айтқым келеді ауылдың» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Айтқым келеді ауылдың,
даланың әнін,
Дұшпан да досым,
Жақсының жанарындамын.
Өзімді қойшы,
Өбектеп өлеңді сүйем,
Ойлаумен болам содан соң,
Баланың қамын.
Өкпелеп болған,
Өзінше өлең де налып,
Кеше гөр, муза,
Көңілім сенен де қалып,
Тербеліп келем,
Тербетіп өмірдің үні,
Сенделіп жүрмін,
Санамды тереңге малып.
Өйткені білем,
Төменді аңсамас жаным,
Өзіме кінә неліктен
арта бастадым.
Жалғанға тағы сендірді
Жабығып тұрдым,
Өмірдің көріп
Өліммен жанталасқанын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері