Композитор – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Композитор» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Талантты сазгер Бейбіт Дәлденбаевқа

Қадыр аға өзің жайлы сыр айтатын үміттеніп,
Талантыңа бас иетін Жұматайлар тұрып келіп.
Бұл күндері үй мысықтай, үні шықпай бұлғақтайды,
Сенің асқақ арманыңа қарағандар күдіктеніп.
Ұнатудың болмайды ғой, ұнатудан басқа өлшемі,
Қандай сүйіп еркелетті Сүлейменоа Асқар сені.
Еркелеткен жақсы ағалар, амал қанша, ерте кетті,
Тағдырыңа ырзасың ғой, Салтанатқа қосқан сені.
Жақсылардың ру, жүзін, туған жерін сұрамаған,
Сендей іні тапқанына қуанып жүр Құман ағаң.
Адал жанның ардақты аты, ешқашанда құламаған,
Сендей асыл досым бар деп, қай кезде де қуана алам.
Мұқағали топырағынан өніп шыққан асыл дәнсің,
Ұлы өнердің мұхитына өз арнаңмен қосылғансың.
Ізбасардай құрдас ағаң, жаны асыл жан тумас одан,
Тілес, Кеңес, Қуат туған ең қуатты ғасырдансың.
Бейбіт сені дос деп білем, із қалдырар артына шын,
Менің шыққан биігімде әрқашанда сен тұрасың.
Сенің әсем жүр қыздарың, жүрегіңе нұрын сеуіп,
Сенің өшпес жұздыздарың биігінде жарқырасын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері