Эльбрус

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1955
Егіз шыңды Эльбрус
Мұздан ғана жаралған.
Сәулесімен күншығыс,
Қабырғасы қаланған.
Күн шығып, не батарда
Егіз шыңы көрініп.
Жалт береді жапанда
Жалпақ бұлтқа көміліп.
Екі ақша бұлт ауада,
Үзіліп бір қалғандай.
Екі аққу далаға
Салтанатқа қонғандай.
Оян да аш көзіңді,
Бере қалса жел дыбыс.
Шақырғаны өзіңді
Шаңқай түстей Эльбрус.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Эльбрус өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Эльбрус өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Эльбрус өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Эльбрус өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері