Менің республикам
Бұл бетте «Менің республикам» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,
Менің байтақ республикам таулары —
Менің көгім мөлдіреген сол аспан.
Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ республикам даласы,—
Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.
Орман көрсең кең даланы ораған,
Жолдар көрсең шартарапқа тараған,
Менің байтақ республикам орманы,—
Менің жолым Ленин салған жаңадан.
Тұлпар көрсең желдей ұшып заулаған,
Сұңқар көрсең бұлтта қанат самсаған,
Менің байтақ республикам тұлпары,—
Менің құсым көктің жүзін шарлаған.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан-байтақ республикам бұл менің.
Достар келіп тірей қалса ат басын,
Қарт Алатау иіп қардай ақ басын,
Қарсы алады ашық күнмен ашып бір,
Алматының аспанының қақпасын.
Оте жаксы олен мен жаттап алдым
Керемет
Кушти жаттадым и бес алдым
Кушти жаттапдым и бес алдым
тамаша
Керемет
Керемет маған ұнады
Оте Жаксы олен екен
Рақмет! Осы өлеңді әрең таптым! Көп рақмет!
Тема
мен осы оленди арен таптым жане жаттап алдым ол туралы эссе де жаздым кушти
жақсы ұнады
Күшті
Өте керемет
Жақсы
өте керемет маған ұнады
оте жаксы маган унады
өте тамаша
осы олен маган катты унады
Өте керемет тақпақтар
Өте жақсы
Рахмет!