Соңғы үміт – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Соңғы үміт» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен бүгін сені көп күттім,
Жібермей қойды соңғы үміт.
Келеді қазір деп күттім
Өзімді өзім сендіріп.

Қайырмасы:
Шаршатты мені бір күнгі ой,
Екеуміз қазір екі елміз.
Кездесуіміз мүмкін ғой
Кездеспей, бәлкім, кетерміз.

Күлсе егер бақыт шын күлсін,
Тұрмын ба әлде түс білмей.
Жүрсің бе барып кім білсін,
Басқа бір жанға күттірмей.

Қайырмасы:

Шықпассың алдан сен күліп,
Күрсініп өтті бір күнім.
Тартылған сымдай соңғы үміт,
Үзіле жаздап тұр бүгін.

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері