Бұл бетте «Менің асыл жеңешем» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Елдің сүйгені,
Біздің үйдегі,
Менің асыл жеңешем,
Есім білгелі.
Келгеннен мені,
«Еркем» дегені,
Асау тентектігімді
Көркемдегені.
Қайырмасы:
Әңгімесі ауылдың
Жеңешемнің мінезі.
Ағайынның, бауырдың
Сәні бір өзі.
Ешқашан егес,
Бастаған емес.
Орамалын басынан
Тастаған емес.
Туғандарыма,
Қонған бағы ма,
Орамалы сияқты,
Әппақ ары да.
Қайырмасы:
Көзінде күлім,
Сөзінде шырын,
Жоғалтпаған қыз күнгі
Сүйкімділігін.
Көктем тәрізді,
Неткен жаны ізгі!
Отырады ерітіп
Ата-анамызды.
Қайырмасы:
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі