Құлап қапты – Сәли Садуақас

Бұл бетте «Құлап қапты» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бас кезінде көктемнің,
Жағасына көк көлдің –
Арық тартып, жер жыртып
Алуан көксөк еккенмін.
Алтын табақ көктегі –
Шүлен күннің от демі,
Жылу беріп көкөніс
Тегіс қаулап көктеді.
Мұны көріп Жанарат,
Қуанған-ды қабағат.
Өспеді деп бірақ тез
Етпей жүрді қанағат.
Әрі өтірік, әрі шын –
Тыңайтқышын – дәрісін,
Шашып, тағы тауыпты
Тез өсіру әдісін.
Ойлар түсіп еске көп,
Тәтті қиял кешті ерек;
Бірден созып майсаны
Өс, өс жылдам, өс демек.
Деп кірледі, желденді
шомылдырып Ерленді,
Өс, өс, өс деп тәтесі
Созғанын сан көрген-ді.
Жәкең бөсіп, мақтана
Жинап алып топ бала –
Істетпек боп әдісін,
Барды шетке тақтаға.
Істелетін жұмысты,
Әп-сәтте тез ұғысты.
Қылтиған әр майсаны
Бірден созып шығысты.
Самал сүйіп беттерін,
Күн қақтады еттерін.
Шұрқырасты балалар
Өсірдік деп көп-көрім.
Әр отаудың еркесі –
Бәрі ойынның серкесі.
Көрді сұмдық тақтадан
Барғанында ертесі:
«О, құдырет неткен іс,
Кеше өсіріп кеткеміз!...»
Десті бәрі , майсалар –
Құлап қапты теп-тегіс.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері