Аралайық сыр бойын
Бұл бетте «Аралайық сыр бойын» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Саяхаттап қайтайын,
Жүр менімен, сүйгенім.
Сыйлық етіп тартайын,
Сырдың қызыл гүлдерін.
Ұққан алғаш жан сырын
Бар еді бір жасыл тал.
Жасыл талда жасырын
Кездесіп ең ғашық жар.
Сылдыр-сылдыр күлкіңмен,
Құйып едің жыр маған.
Сонау өткен сол күннен
Сырыңды Сыр тыңдаған.
Саяхаттап қайтайын,
Жүр менімен, сүйгенім,
Сыйлық етіп тартайын,
Сырдың қызыл гүлдерін!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі