Бұл бетте «Тік-так» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тыным алмай тік-так деп,
Шошаңдаған тік-так доп –
Көл бетіне секірді,
Судың сырын ұқпақ боп.
Тітіркенді тік-тактап
Тұра қалды тік тоқтап.
Кірі кетіп, денесі
Болып шықты тіпті аппақ.
Батырсынған тік-так доп,
Бір секіріп, бір тоқтап,
Тұра ұмтылды, бір таптап
Отты өшіріп құртпақ боп.
Қалды байқұс боп қолды,
Тұла бойы топ болды.
Ойбайлауға үлгірмей
Өртенді де қоқ болды,
Бір жолата жоқ болды.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі