Бұл бетте «Бала махаббаты» атты Сәли Садуақас жазған бала туралы өлең берілген.
Кернеген шаттық кемерін,
Көшеде келем көк өрім.
Жол бойы тал мен шынарлар,
Желпиді жасыл желегін.
Сылдырап тұрған жапырақ,
Сыбырлап тұрған көп ерін.
Қуалап кепті артымнан
Ентігіп ұлым – өренім
– Немене қалқам керегің?
– Қалмаймын, саған еремін.
Достығын әр ұлт халқының
Парадтан ана көргенмін.
Сәбилік құрмет білдіріп,
Иіліп сәлем беремін.
* * *
– Өмірге ерте үңілген,
Өренім неткен ұғымды ең.
Достығын айтқан әр ұлттың
Айналдым сенің тіліңнен.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі