Бір үлкен мәдениет
Бұл бетте «Бір үлкен мәдениет» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бауыр етім, базарым, қарағым-ай,
Жерім бар ма қаққан бір қабағыңа-ай,
Қарашы енді: мойның кір, қолың күс-күс
Үстің батпақ, өңірің, балағың май.
Пәленшенің баласы... арамын-ай,
Десе біреу қымсынып қаламын-ай.
Жүрсең нетті мұнтаздай тазаланып
Көрінгеннің алдында таба қылмай?!
Ержетсін деп өзіңді әдемірек,
Ата-анаңның тартатын әлегі көп.
Түсін, балам, ту бастан тазалықтың
Екендігін бір үлкен мәдениет!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі