Бұл бетте «Қошымның жауабы» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біледі онға дейін қосуды,
Мақтады әже бес жастағы Қошымды.
Бір аулада отыратын үйлердің,
Баласына болып жүрді осы үлгі.
Сынайын деп ауашада Қошымды,
Тілдесіп ем, талабыма қосылды.
– Беске бесті қоса қойшы шырағым?!
– Он болады! – деді іркілмей, жосылды.
Біледі екен әдеп – иба, жосынды,
«Тағы да бір сынайыншы осы ұлды»
Деп ойланып: – бестен бесті алғанда
Не қалады? – деп ем, бала тосылды.
Тосылды да, салбыратты қабағын,
Тез түсіндім әлсіздігін баланың.
Онға дейін білгенімен қосуды,
Білмейді екен бірақ та алу амалын.
– Бұл амалды үйренбепсің, рас, жаным,
Деп балаға елжірей көз тастадым.
Түздім де тез іштей көңіл жоспарын,
Алу жолын ұғындыра бастадым.
– Бес кәмпитің салып жүрген қалтаңда,
Түсіп қалса жол-жөнекей қайтарда.
Не қалды сонда, балам, қалтаңда?
(Деп отырмын дұрыс жауап айтар ма?)
Ойланбады әжесінің Қошымы,
Білмейді деп отырсыз ба осыны?
Бес кәмпитім түсіп қалса, қалтамның
Қалмай ма, тек үңірейіп тесігі! ...
Айтты осылай қортындыны, о, демде,
Босын енді балақайға не деуге.
Ду-ду етті екі бетім, сездім тез,
Бір шикілік кеткендігін менен де...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі