Бұл бетте «Отырды көп ойланып» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үйлерінде Елдостың,
Тұрғанымда он бес күн.
Қалың сұрақ қаптады-ай,
Бәлкім бұған сенбессің.
Ермек іздеп еріккен,
Бала емес-ті зеріккен.
Аузынан бір түспейді,
Дейтін сұрау неліктен?
Ойламайтын кейде ешкім,
Ойлары көп Елдостың.
Тапты сұрақ ал, бүгін,
Тығынынан термостың.
Ойлантар тыс еріктен,
(Мен де ақыры көніккем)
– Кейде термос тығыны,
Атылады неліктен?
Деп сұрады қайта бір,
Қолдадың ба әй,тәңір!
Сұрағына бұл жолғы,
Қанық екем әйтеуір.
– Көңіліңді көп бөлсең,
Түсінесің еппен сен.
Атады термос тығынын,
Ішке кірген ауаның,
Кернеуі асып кеткен соң!...
Тұрмын тағы сайланып,
Келері хақ ойланып.
Жауабыма бірақ-та,
Отырды көп ойланып.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі