Бұл бетте «Қорқады екен» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
– Миың көп сенің басыңда,
Деп едім қорқып расында –
Сөйледі шеше қасында,
Булығып Гүлназ ашуға.
– Басымда миым жоқ! – деді,
Өзіңнің миың көп, – деді.
Бермеймін шай мен ет деді,
Ұрамын, үйден кет! – деді.
Айтқан ем жақсы пейілмен,
Естідім жауап кейюлі ең.
Баланың мидан қорқатын,
Себебін ұқтым кейіннен.
Ауылға осы көп келіп,
Жүремін міндет өткеріп.
Әйтеуір, әйтеу балақай,
Кетпегей деймін жек көріп.
...Әңгіме айттым тиімді,
Балалар тегіс жиылды.
Гүлназдыңдағы басынан,
Қорқыныш күмән сұйылды.
Көңілден күмән сұйылды,
Шешті ақыры өзі түйінді.
Қорқады екен: бар десем,
Жейді деп шағып миымды.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі