Есқат солай әңгімесін шертеді
Бұл бетте «Есқат солай әңгімесін шертеді» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бәрі түгел бір үйдегі жас-кәрі,
Телевизор тағы соғыс бастады.
Паһ, керемет!.. Айэрпұлан, оқ, бомба,
…деп таң қалды, Есқат жеті жастағы.
Сәби сана бар зейінін аударды,
Көріп отыр қала, дала, тауларды.
Сезінетін соғыс болса, батырлар,
Жояды деп қи сыпырып жауларды.
Экраньда самолеттер шүйілген,
Бірде көктен, бірде шығып бүйірден.
Атқылады, талқандады қаланы,
Қалды өліктер таудай болып үйілген.
Паналауға үлгермеді қашқаны,
Самолеттер тағы бомбы тастады.
Жазым болып қала берді төрт бала,
Алды тоғыз, арты екі-үш жастағы.
Шыр-шыр етіп аналары артында,
Келседағы жаны қысып алқымға.
Жете алмады ұл-қызына оқ тиіп,
Ұшып түсті құшақ жайған қалпында.
О, бозінген, ботасы өлген боздашы,
Ет жүректің шер-шеменін қозғашы.
Дегенімше құлады ана үзілмей,
Жанарында ең ақырғы көз жасы.
Құлады ана қармай барып жас талды,
Қара түнек қаптап кетті аспанды.
Жаңа ғана сілекейі шұбырған,
Есқат барып өз анасын бассалды.
Секілденген шағатұғын Аралар,
Жаман неткен самолетпен, аналар…
Енді қайтік, маматай-ай, ана елде,
Қалмадығой аналар мен балалар?!…
Әке, Әке, анықтап бір қарашы,
Көк түтінғой, көк пен жердің арасы.
От боп кетті таулары мен даласы,
Ойран болды көшелері қаласы!…
Түк қалмады кәрі емен мен жас талда,
Талқан болды әнеу биік тас қорған.
Жазда жаңбыр, қар жауатын қыс күні,
Оқ пен бомбы жауып тұрғой аспаннан.
Дір-дір етті шошыған-ау, шамасы,
Аптап жатыр алақанмен мамасы.
Болып кетті желпініс пен қорқыныш,
Екі дүние қас-қағымның арасы.
Қалмады ешкім, өлді бәрі жас-кәрі,
Күллі қала өртке орана бастады.
Жаман екен анау елдің аспаны,
Өзгертші әке, көрейікші басқаны?!..
Неге сүркей бөтен елдің аспаны,
Бар пәлені сол көк аспан бастады.
Өлім екен самолеттің шашқаны,
Ана-бала бәрін қырып тастады.
Ертелі-кеш телевизор ашқанда,
Оңашада достармен бас қосқанда.
Есқат солай әңгімесін шертеді,
Алдыменен қарап алып аспанға!…
(соңы)
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі