А-ға
Бұл бетте «А-ға» атты Бақберген Рахым жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңіліңе тиген жерлерім үшін,
Түсінбей кеткен кездерім үшін,
Кейде қатты қызғанып кетіп,
Ауыр айтқан сөздерім үшін,
Жаза басқан сәттерім үшін,
Менсіз жұтқан оттегің үшін,
Мені ойлап кейде тұп-тұнық көзден
Тұп-тұнық жасты төккенің үшін,
Сен мені кешір!
Менсіз атқан ақ таңың үшін,
Көңілімді менің тапқаның үшін.
Суық күндері жаныма жайлы,
Тоңғанда ыстық хаттарың үшін,
Маған қолыңды бергенің үшін,
Өзімнен де артық сенгенің үшін.
Жырақта жүрсем, сағына күтіп,
Мені уайымдап келгенің үшін,
Өлердей ғашық болғаның үшін,
Менімен күйіп-тоңғаның үшін.
Жоқ болса егер пайыммен қарап,
Қанағат етіп қолдағым үшін,
Жүргенің үшін рақмет!
(15.05.2024)
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі